Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Латвиядан елге жеткізілді
Сурет: Zakon.kz
Латвия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, күдікті 2016 жылы бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өзіне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін ол Латвия аумағында ұсталды".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды.
"Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript