Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 16:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке биылғы бірінші жартыжылдықтағы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндалды.

Аталған кезеңде Алматыда инвестициялық өркендеудің жоғары қарқыны байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,8 пайызға өсіп, 714,8 миллиард теңгеге жетті. Жеке инвестицияның көлемі 21,1 пайызға ұлғайды, оның ішінде IT-секторда, сондай-ақ туризм, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау және көлік салаларында өсім бар. Жыл соңына дейін 2 триллион теңге инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр. 2024 жылдың басынан бері 32,7 мың жұмыс орны ашылды. Оның 75 пайызы тұрақты жұмыс орны.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоғамдық көлікті жаңарту мен экологиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Биыл экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 70 пайызға дейін артады. Былтыр бұл көрсеткіш 53,7 пайызды құраған. Жергілікті бюджет есебінен жыл соңына дейін газбен жүретін 600 автобус, 100 электрлі автобус, 112 троллейбус сатып алынады. Сондай-ақ қаланың троллейбус паркі толығымен жаңартылады.

Президентке қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамтудың резервтік схемасын жасау жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндалды. Бұл бағыттағы құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында аяқталып, 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілді. Нәтижесінде қосымша схеманың қуаты 60 пайызға артты. Бұл Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ерболат Досаевтың айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының құрылысы және 12 емхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұған қоса, жыл соңына дейін 11 жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы мен емхана құрылысының жобасы жасалады. Осы жылы маусым айында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында "Фетальді хирургия" пилоттық жобасы жүзеге асты. Бұл жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр.

Мемлекет басшысына мектептердегі орын тапшылығын азайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтылды. Жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 6,4 мың орындық 10 жекеменшік мектеп ашылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: