Петропавлда құтқарушылар қиын жағдайға тап болған үш жасар балаға көмекке келді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 15 қарашада Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде үш жасар бала кездейсоқ есікті ішінен жауып алып, пәтерде жалғыз қамалып қалған. Ата-анасы үйге кіре алмай, төтеншеліктер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар алдымен жағдайды бажайлап, ақырында терезе арқылы пәтерге кірген.
"ТЖМ қызметкерлерінің жедел көмегінің арқасында оқиға сәтті шешілді. Осындай жағдайлар сирек емес, егер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, олардың алдын алуға болады", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript