Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Сурет: ҚР Парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі
Елнұр Бейсенбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін мәжілістегі жалпы отырыс осы мәселені қараудан басталды. Палата спикері Ерлан Қошанов бұрынғы әріптесіне еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
4 қаңтарда Елнұр Бейсенбаев AMANAT партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript