Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Марат Ахметжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 19:13 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолдап, агенттіктің жұмысына оң баға берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Президентке агенттіктің биылғы 11 айдағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады, делінген Ақорда хабарламасында.

Марат Ахметжановтың айтуынша, биылғы 11 айдың ішінде 1576 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. 1280 азамат, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмыс бойынша жауапқа тартылған. Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды.

Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығын субсидиялауға жасалған кешенді сараптамалардың, көлік саласындағы жағдайлардың және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ Президентке 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасының орындалу барысы жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолдап, агенттіктің жұмысына оң баға берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: