Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 19:28 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мынандай Заңдарға қол қойғаны хабарланады:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

  • «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына.

22 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасына қатысты Сенаттың түзетулерімен келісті. Заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: