Тоқаев: Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырады
Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік төңкеріс, елдің тұтастығына қастандық жасамақ болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Барлығымыз жұмылып, тұтас ұлт ретінде Алматыны және басқа да облыс орталықтарын қорғап қалдық. Олар қысқа уақытта қалпына келтіріліп, бұрынғысынан да жайқала түседі. Енді бұл менің жеке міндетім және Үкіметтің де мойнындағы жауапты нәрсе. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент лаңкестер агрессиясы нысанына алынған қалалардың тұрғындарына көңіл білдірді.
Бүгіндері, осынау түнектей болған ауыр күндер артта қалған кезде ІІМ арнайы күштері жауынгерлерінің лаңкестік шабуылдарға тойтарыс берудегі ерлігі мен батылдығын ерекше атап өткім келеді. Мысалы, Алматыда полиция қызметкерлерінің шағын тобы екі түн қатарынан полиция департаменті ғимаратын басып алуға тырысқан бандиттердің шабуылына тойтарыс берумен болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript