Жаңалықтар тізбегі
0

Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

Тимур Сүлейменов, жаңа қызмет , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2022 11:06 Сурет: akorda
Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындау туралы жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

Бұрын ол жай ғана орынбасары болған, ал бұл қызметті мәдениет және спорт министрі болған Дәурен Абаев атқарған еді.

Тимур Мұратұлы 1978 жылғы 5 сәуірде туған.

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) тәмамдаған, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі.

Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығының сертификатының иегері.

Еңбек өтілі:

1999-2000 жылдары – Павлодар қаласы №3 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының экономист-менеджері.

2002-2006 жылдары – Алматы қаласы «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясының аға консультанты.

2006-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2016 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2017 жылғы 31 наурыздан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2019 жылғы ақпан-наурыз – Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылғы наурыз-шілде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылғы 22 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: