Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.Ақорда
Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған.
«Тұран» университетін (1999) халықаралық экономист мамандығын, ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Куала-Лумпур және Хьюстон қалаларында 2 жылдық тәжірибеден өткен.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі.
2000 жылдан - Ақмола облыстық орман жөніндегі басқармасының қаржылық және экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы;
2001-2002 жылдары - МІ Drilling Fluids International ТБ жөніндегі менеджері;
2004 жылдан техникалық сатылымдар бойынша өкілі;
2006 жылдан өндіріс жөніндегі менеджері;
2007 жылдан - «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры;
2010 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі.