Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Кәсіпкердің міндеті – сотта уақыт өткізу емес, жұмыс істеу

Сот саласын реформалау, президент, бизнесмендермен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2022 16:32 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуінде еліміздің сот жүйесін одан әрі реформалаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Мемлекет басшысы бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша еліміздің жаңа экономикалық бағытының контурын айқындау керектігін айтты.

Бірінші – жеке меншікке қол сұқпау. Бұл мәселеде ашық әрі әділ сот кепіл болуы тиіс. Бұл бағытта оң қадамдар жасалуда. 2021 жылдың шілдесінен бастап әкімшілік сот төрелігі іске қосылды. Оның қағидаттары мен рәсімдері, соның ішінде мемлекеттік органның кінәсі презумпциясы, қоғамдық-құқықтық дауларды әлдеқайда объективті шешудің тиімді құралына айналды.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы әрбір екінші сот шешімі мемлекет пен шенеуніктердің пайдасына емес, кәсіпкерлердің пайдасына шығарылатынын айтты.

-

Менің ойымша, бұл – прогресс. Тағы бір жағымды белгі, соттар кәсіпкерлердің жауапкерлер – мемлекеттік органдармен татуласуларына байланысты талап-арыздардың айтарлықтай бөлігін қайтарды. Бірақ сотқа түсетін шағымдардың саны әлі де өсуде. Қазір олардың саны 14 мыңнан асты. Үкіметке Жоғарғы сотпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, мемлекеттік органдардың келеңсіз тәжірибесін сараптап, оның алдын алу және жою шараларын қабылдауды тапсырамын. Мемлекеттік органның сол қателіктерін сот жүйелі түрде түзеп отырса, ондай басшының орынсыз екені анық. Қазақстан Республикасының президенті

 Мемлекет басшысы өз сөзінде «қайта құрылмай, мемлекет мүддесін жалған қорғаудан бас тартпаған» төменгі сатыдағы соттардың қызметіне де тоқталды.

Мұны түзету керек. Кәсіпкердің міндеті – сотта уақыт өткізу емес, еңбек ету. Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе. Біз тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық тұрғыдағы шараларды қабылдадық. Соттарға құқықтың әртүрлі салаларынан, оның ішінде корпоративтік сектордан жаңа мамандар тартылуда. Осының негізінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы құрылды. Сот ісіне мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың тартылуы, әсіресе өңірлерде инвесторлар мен бизнесмендердің мүдделерін сапалы қорғауын мейлінше қамтамасыз етеді. Жоғарғы Сот Кеңесін және Жоғарғы соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізуді сұраймын.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: