Тоқаев Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын заңға қол қойды
Заңға енгізілген түзетуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалығын жою көзделген.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңындағы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамаларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісу туралы норманың да күші жойылды.
Жалпы алғанда, бұл заң арқылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: