БАӘ Қазақстанмен арадағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz
Кездесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары талқыланды. Маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді, делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дәстүрлі түрде одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, өз елінің екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Сурет: akorda.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript