Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматы әкімі Досаев турасында: Оның жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн

Президент сұқбаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 21:39 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Президент барлық әкімді бірдей өзгерткісі жоқ.Олардың жұмысына жан-жақты талдау жүргізіледі. Басты талап - азаматтардың әл-ауқатының артқаны, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Алматы қаласының ахуалы мен тұрғындарының әл-ауқаты өзінің жеке назарында екенін айтты.

Президент қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шеккенін баса атап өтті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды.

Қираған қаланы қалпына келтіру керек. Бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әкімдердің басым бөлігін неге ауыстырмағанын түсіндірді.

Жалпы айтқанда, кадрлық ауыс-түйіс – үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Лауазым мәңгілік дүние емес. Жұмыстың жаңа талабына икемделе алмаған адамдар қызметтен кетуге мәжбүр болады. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Әкімнің бәрін ауыстыру менің негізгі мақсатым емес. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдаймын. Міндетті түрде өзгерістер болады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айтқанын еске салды. 2021 жылғы өз Жолдауында Президент келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы екенін айтты.

Президент аудан әкімдерінің сайлауы 2024 жылы өткізілетінін жеткізді. Дегенмен 2023 жылы пилоттық жобаның іске қосылуы әбден ықтимал.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: