Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрі қызметінен кетті

ҚР Ішкі істер министрлігі, президент жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 13:00 Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды» – делінген Жарлық мәтінінде.

23 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткендігі туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлаған еді.

Еске салсақ, Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметті 2019 жылғы ақпаннан бастап атқарып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: