Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы президент резиденциясы неліктен бұзылады

резиденция, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 14:31 Сурет: Президент іс-басқармасы баспасөз қызметі
Президент іс-басқармасы қаңтардағы оқиға кезінде қираған Алматыдағы президент резиденциясы неліктен сүрілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде Әртараптандырылған қайта құру және даму институты сарапшыларының қорытындысы алынды. Ол бойынша резиденцияның «пайдалануға жарамдылығы шектеулі» екені анықталды. Өрт пен өте жоғары температура салдарынан барлық жүк көтергіш құрылымдар мен шатырлардың негізі болып табылатын металл элементтері зақымдалған. Ғимараттың аман қалған бөліктерінде өрт иісін толығымен жою мүмкін емес.ҚР Президенті Іс Басқармасының Баспасөз қызметі

Ведомство «Бүгінге дейін нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келмейді» деді.

Ғимараттың негізгі құрылымын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуы үшін үлкен күрделі салымдар қажет болады.ҚР ПІБ баспасөз қызметі

Сарапшылардың пікірінше, ғимаратты жөндеу және оны қайта пайдалануға беру де қауіпсіз емес.

Республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзу осындай мәртебедегі объектілерге қатысты ҚР заңнамасында көзделген барлық рәсімді сақтай отырып жүзеге асырылады.ҚР ПІБ баспасөз қызметі

16 ақпанда Президенті әкімшілігі Алматыдағы президент резиденциясын 2022 жылдың соңына дейін қалпына келтіру жоспарланып отырғанын хабарлады.

2 наурызда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен оның Алматыдағы ресми резиденциясы бұзылып, оның орнына қала тұрғындарына арналған алаң салынатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: