16 наурыз күні президент Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды
Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript