Ақорда Президенттің ертеңгі Жолдауына қалай дайындалып жатқандарын көрсетті
Сурет: Ақорда
"Ертеңгі Жолдауға дайындық" деген тақырыпта Президенттің баспасөз қызметінің Telegram арнасында суреттер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың мәліметінше, қазіргі уақытта Парламент ғимаратында протоколдық-ұйымдастырушылық жұмыстары аяқталып жатыр.
Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жариялайды.
Президенттің Жолдауында саяси реформалардың жаңа бағдарламасы және таяу уақытта жүзеге асырылуы тиіс бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асырудың мән-жайы қамтылған.
Президент Жолдауы сағат 11:00-ден бастап тікелей эфир арқылы республикалық телеарналардан көрсетіледі.
Сурет: Ақорда
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript