Руслан Желдібай жаңа қызметі туралы пікір білдірді
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Желдібай ҚР президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалған еді.
Жаңа баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі пақашасында қызметі туралы пікір білдірді. Ол ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болу үлкен мәртебе екенін айтты.
Бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы қызметіне кірістім. Бұл мен үшін зор мәртебе әрі асқан жауапкершілік деп білемін. Мемлекет басшысының жұмысымен көпшілікті және БАҚ өкілдерін уақытылы хабардар етіп отыруға бар күшімді саламын. Әдеттегідей, сіздердің ұсыныс-тілектеріңізге әрдайым ашықпын. Осы орайда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов пен Премьер-Министрдің Кеңсесіндегі әріптестеріме алғысымды білдіремін. Сіздермен аз да болса тығыз жұмыс істеп үлгердім, мол тәжірибе жинадым. Баршаңызға көп рахмет!Руслан Желдібай
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Білімі:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;
2018-2019 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы;
2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
2020-2022 жылдары – Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2022 жылғы ақпаннан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.