Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне арнайы барды
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Анытқабір кесенесін аралап көрген мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.
Сурет: akorda.kz
Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript