Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Конституциядағы түзетулер туралы: Алдымызда ауқымды жұмыс тұр

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 10:12 Сурет: elbasylibrary.gov.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс беріп болған соң журналистердің алдына шығып, бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдымызда ауқымды жұмыс тұр, Конституцияның біз бүгін дауыс беріп жатқан ережелерін іске асырып, заңнамаға өзгерістер енгізу керек болады. Атап айтқанда, партияға, Парламентке қатысты заңнама бойынша. Біздің Парламент бұл жұмысты абыроймен атқарады деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы бүгін қазақстандықтар дауыс беріп жатқан жаңа түзетулер еліміздің қоғамдық өміріне өте үлкен өзгерістер алып келеді деп пайымдалатынын атап өтті.

Шын мәнінде, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас парадигмасы өзгеруде, адам құқықтары алдыңғы қатарға шығады. Бұл өте маңызды болып табылады. Конституцияда адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге, жаңаша сипатқа ие болады. Омбудсмен Конституциялық сотқа жүгіне алады, ал бұл орган да біз үшін тың дүние. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: