Қазақстаннан шығарылған ақшаны қайтару жөніндегі комиссия құрамына кімдер кірді
Ведомствоаралық комиссия елден заңсыз жолмен шығарылған қаржы қаражатын Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында құрылды.
Ведомствоаралық комиссия құрамына:
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, төраға Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, төраға орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі;
«Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі кірді.
Жарлыққа сәйкес, Ведомствоаралық комиссия бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы президентінің қарауына Ведомствоаралық комиссия туралы ереже жобасын енгізуі тиіс.
Бұдан бөлек, Ведомствоаралық комиссия атқарылған жұмыс туралы екі аптада бір рет баяндап тұруы қажет.
Жарлық қол қойылғын күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.