Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы жаңа елшіні тағайындады

Қазақстан президенті, Германияның төтенше және өкілетті елшісі, Германия, елші, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 15:15 Сурет: akorda.kz
ҚР президентінің жарлығымен Нұрлан Онжанов Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Нұрлан Онжанов 1960 жылы 25 қарашада Талдықорған облысында туған.

Білімі:

  • 1983 жылы Берлиндегі Гумбольдт атындағы университетін тәмамдаған. Филолог, неміс тілі мұғалімі. Бірінші санатты төтенше және өкілетті елші.

  • М.Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдері институтының аспиранты. Филология ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

  • 1987-1992 жж. – зерттеуші-тәлімгер, М.Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік шет тілдері институтының аспиранты;

  • 1992-1994 жж. – жетекші, бас маман, Қазақстан Республикасы баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің ВСК бөлімі басшысы;

  • 1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі, аппараты аға референті;

  • 1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқарамасының бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Аустриядағы елшілігінің кеңесшісі;

  • 1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің кеңесшісі;

  • 2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің экономикалық саясат департаменті директоры;

  • 2002 ж.– Қазақстан Республикасының ФГР-дағы елшілігі кеңесшісі;

  • 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Франкфурт-на-Майне қаласындағы бас консулы;

  • 2003-2004 жж. – вице-министр –ТМД істері және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі комитет төрағасы, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасы атынан «Орталық – Азиялық ынтымақтастық» ұйымы жұмысының мәселелері бойынша ұлттық координатор;

  • 2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі, Қазақстан Республикасы атынан «Орталық – Азиялық ынтымақтастық» ұйымы жұмысының мәселелері бойынша ұлттық координатор;

  • 2007-2008 жж. –Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;

  • 2008-2014 жж. – Қазақстан Республикасының ФГР-дағы төтенше және өкілетті елшісі. Дания королдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі;

  • 2014 жылдың маусымынан– 2019 жылдың наурызына дейін – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;

  • 2019 жылдың 21 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы.

Бұған дейін бұл қызметті Дәурен Кәріпов атқарып келді. Ол 13 маусым күні президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: