Үкіметтің кеңейтілген отырысы шілдеде өтеді – Смайылов
Сурет: primeminister.kz
Шілде айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
2022 жылдың шілдесінде мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, онда елдің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады. Атап айтқанда, инфляция мен инвестицияға қатысты мәселелер көтеріледі, – деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.
Министрлер кабинетінің басшысы барлық министрлер мен әкімдерге отырысқа дайындалуды тапсырды.
Ол барлық өңірлер, соның ішінде үш жаңа облыс бойынша да алты айдың қорытындысы шығарылуы тиіс екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript