Тоқаев Шолпан-Атада Жапаровпен және Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді
Сурет: БОРТ№1 Telegram-арнасында
Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттер бейресми жағдайда сөйлесіп, теплоходпен серуендеді.
20 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеге белгіленген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуал тұрғысынан өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырады деп күтіледі.
Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты, делінген БОРТ№1 Telegram-арнасында.
Сурет: БОРТ№1 Telegram-арнасы
Сурет: БОРТ№1 Telegram-арнасы
Сурет: БОРТ№1 Telegram-арнасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript