Тоқаев Бақыт Сұлтановты қызметінен босатты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Бақыт Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
Еңбек өтілі:
ҚР Қаржы министрлігі Қаржы нарығындағы бағалы қағаздар департаменті акционерлік қоғам мен лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі (1994);
Басқарма бастығы, департамент басшысының орынбасары, бюджет департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, қазынашылық департаменті директорының орынбасары, бюджет департаменті директорының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры (1995-2002);
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры (09.2002-06.2003);
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (06.2003-02.2006);
ҚР Статистика агенттігінің төрағасы (02.2006-01.2007);
ҚР Қаржы вице-министрі (01.2007-10.08.2007);
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (10.08.2007-12.03.2010);
ҚР Президентінің көмекшісі (13.03.2010-01.2012);
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (01.2012-11.2013);
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі (06.11.2013-06.08.2014); қайта тағайындалды - 04.04.2014 ж.);
ҚР Қаржы министрі (08.06.2014 ж.; қайта тағайындалды - 30.04.2015 ж., қайта тағайындалды - 09.13.2016-09.2018);
Астана қаласының әкімі (11.09.2018-06.2019);
ҚР Сауда және интеграция министрі (06.2019 ж., 18.01.2021-11.01.2022);
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі (11.01.2022 жылдан бастап)