Мемлекет басшысы Түркістанға рухани және тарихи елорда мәртебесін беруді тапсырды
Сурет: Zakon.kz
2021 жылы Түркістанға "Түркі әлемінің рухани астанасы" деген мәртебе берілгенін еске салған президент үкіметке киелі шаһарға рухани және тарихи елорда мәртебесін беру мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл – Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз.Қасым-Жомарт Тоқаев
Осыған орай президент киелі шаһарды "рухани және тарихи елордамызға" айналдыруды ұсынды.
Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript