Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшысына көші-қонға қатысты бақылауды күшейтуді тапсырды

Баяндама, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 19:10 Сурет: freepik
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді.

Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы азаматтарының елімізге келуіне байланысты ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Ішкі істер министрлігінің бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс процесін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру бағытында атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, сондай-ақ көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: