Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.
Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған Ақорда жариялаған жеделхатта.
Айта кетсек, Түркияның Амасра ауданындағы көмір шахтасында 300 метр тереңдікте жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, салдарынан 25 кенші қаза тапты. 11 адам дәрігерлердің бақылауында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript