Садыр Жапаров қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Садыр Жапаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті. Қырғыз елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді", деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript