Қазақстан және Өзбекстан Президенттері бірлескен нысандардың құрылысын салтанатты түрде бастап берді
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев бірлескен нысандардың құрылысын салтанатты түрде бастау рәсіміне қатысты. Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарына қарағанда, Қарағанды облысында тұрмыстық техника, Шымкентте инфузиялық ерітінді, Қостанайда Chevrolet автомобильдерін шығаратын жоба іске қосылады.
Өз кезегінде Өзбекстанның Науаи облысында минералды тыңайтқыштар өндірісіне, Ташкент облысында логистикалық орталық пен Ташкент қаласында тұрғын үй-коммерциялық инфрақұрылымының құрылысына қатысты жобалар жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев бірлескен жобалардың табысты жүзеге асуына тілектестік білдіріп, нысандардың құрылысын салтанатты түрде бастап берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript