Ақорда ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бірге түскен суретін жариялады
Сурет: akorda.kz
Ақорда ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінің алдында бірге түскен суреті", - делінген хабарламада.
Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путин мен Беларус Президенті Александр Лукашенконың жанында тұр. Әр Президенттің артында өз елінің Мемлекеттік туы қойылған.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барды. Кездесу Ельцин атындағы президенттік кітапханада өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин күтіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript