Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Қаржы министріне бірқатар нақты тапсырма берді

Президент қабылдауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 19:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының алдағы жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайызға жетіп, инвестиция көлемі 7,8 пайызға артқан. Экономиканың барлық саласы дамып келеді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс деңгейі 3,4 пайызға, құрылыс көлемі 9,4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көрсеткіші 9,1 пайызға өсті.

2022 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 33,4 пайызға өскені атап өтілді. Сауда балансы айтарлықтай нығайып келеді. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,8 пайызға өсіп, 24,1 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысына берілген мәліметтерге сәйкес, республикалық бюджеттің кірісі жөніндегі жоспар 309 миллиард теңгеге асыра орындалған.

Президентке Бюджет және Салық жаңа кодекстерінің әзірлену барысы, "Ұлттық қор – балаларға" жобасының жұмыс механизмдері, заңсыз иеленген және елден шығарылған активтерді мемлекетке қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген қаражат "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына" жіберіліп жатыр. Қазіргі кезде арнайы шотта жиналған 120 миллиард теңгеге жуық қаражат мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады.

Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заңның жүзеге асырылуы туралы айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, мемлекет қаржысының жағдайын жақсартуға, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: