Тоқаев БАӘ премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
Cурет: akorda.kz
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен бүгінгі келіссөзінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.
Сонымен бірге экономиканың түрлі саласындағы бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript