Зеленский Қазақстанға гуманитарлық қолдауы үшін алғыс айтты
Сурет: t.me/V_Zelenskiy_official
Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға гуманитарлық қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зеленский бұл туралы Telegram-дағы каналында жазды.
Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Мен сонымен бірге Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттымВладимир Зеленский
Бүгін, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript