Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған күштік органдардың 9 қызметкері сотталды

Азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 20:13 Сурет: Zakon.kz
Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау тәсілін қолданған күштік органдардың 9 қызметкері сотталды. Тергеудің нәтижелері бойынша 84 азаматқа қатысты азаптау жасаған күштік органдардың 35 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 31 наурызда Бас прокуратура үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттардың, Жоғарғы Сот, әділет, құқық қорғау және арнайы органдар өкілдерінің, сондай-ақ ғылыми қоғамдастықтың қатысуымен "Азаптаулар туралы істерді тергеудің өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі.

Іс-шарада Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев өткен жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "қаңтар оқиғалары" кезеңінде азаптаулар туралы 11 қылмыстық істің тергелгенін айтты.

Тергеудің нәтижелері бойынша 84 азаматқа қатысты азаптау жасаған күштік органдардың 35 қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

9 адам нақты бас бостандығынан айыруға сотталды, басқалары бойынша сот талқылауы жүріп жатыр.

"Қаңтар оқиғалары" кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысында бейнебақылау жазбаларын сақтау серверлерін мақсатты түрде жоюлуы құқық бұзушылықтарды анықтаудағы маңызды проблемалардың бірі болды". Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Арнайы прокурорлар бұл жазбаларды қалпына келтіре алды. Кейіннен оларды азаптауларды қолданудың негізгі дәлелі ретінде пайдалана білді.

Талқылау барысында құқық қорғау органдарына жеткізілетін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қозғалды.

Қылмыстық қудалау органдарында азаптауларды қолдануға жол бермеу мақсатында барлық жерлерде бейнебақылау орнатылған.

"Алайда, прокуратураның тексеруімен қылмыстық қудалау органдарының бейнебақылау жүйелерімен қамтылмаған 6 159 көзге көрінбейтін учаскелер мен үй-жайлар анықталды. 937 камера жұмыс істемейтін болып шықты". Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазір бұл кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Сондай-ақ бұл бағытта басшылар мен қызметкерлердің азаптаулардың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттемелері және оларға жол бергені үшін жауапкершілікті нақты реттеу болмаған.

"Қазіргі кезде тиісті нұсқаулық қабылданып, сеніп тапсырылған бөлімшеде азаптауларға жол бергені үшін басшылардың тіпті қызметтен босатуға дейін жауапкершілігі көзделген шектеулер белгіленді". Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Шара соңында Бас Прокурордың орынбасары азаптауларға қарсы іс-қимыл, соның ішінде олардың алдын алу, оларға "мүлдем төзбеушілікті" дамыту бойынша қабылданып жатқан кешенді шаралар туралы айтып берді.

Өз кезегінде адвокаттар қауымдастығы қылмыстардың іздерін тиімді бекіту үшін, азаптаулар туралы істер бойынша прокуратура органдарының жүйесінде криминалистикалық бөлімше құру туралы ұсыныс енгізді.

Жалпы тараптар адам құқықтарын қорғау және азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша нәтижелі жұмысқа жалпы ұмтылыстарын білдірді.

2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда сұйытылған газ бағасының екі есе өсуіне қарсы елімізде жаппай наразылықтар басталды. 2 қаңтарда Жаңаөзенде митингілер өтті, одан кейін бұл наразылық Ақтау, Атырау және еліміздің басқа қалаларына ұласты. Алайда, кейін бұл бейбіт митингілер бірден жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Әсіресе Алматы қаласы қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қарулы қарақшылар тобы қала орталығын талқандап, әкімдік ғимаратын және оған жақын орналасқан президенттік резиденцияны өртеп жіберді. Полиция ғимараттары, ҰҚК және басқа да әскери нысандар шабуылға ұшырады. Шымкент, Тараз, Қызылорда, Семей, Талдықорған және Өскемен де жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 

Бұған дейін Бас прокуратура Петропавл сепаратистері деген күдікті топқа қарсы қылмыстық іс қозғаған болатын.

 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: