Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға жүгінді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 10:35 Сурет: unsplash
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов Бас прокуратураға мемлекеттік органдардың тексерулеріне қатысты шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Прокуратура туралы" Конституциялық заңға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңдылықтың сақталуын тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша немесе олармен келісім бойынша ғана жүргізіледі.Бірақ бүгінде прокуратура органдары Бас прокуратураның хаттары негізінде қадағалау тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тартатын үрдіс байқалады", деп жазды Рустам Жүрсінов Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарады немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жібереді. Бұл өз кезегінде қаулыға немесе ұсынысқа қатысты сот тәртібімен шағым түсіру мүмкіндігін қиындатады.

Сонымен қатар, Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 қыркүйектегі қол қойылған нұсқауы тексеру актілеріне шағымдану үшін қолданыстағы заңнамада (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс, Салық кодексі, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң және т. б.) көзделген мерзімдердің қолданылу кезеңінде кәсіпкерлік қызметке байланысты бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, тексеріс немесе аудитті бастауға тыйым салуды қамтиды.

"Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік жауапкершілікке тартпас бұрын қарсылықтарды шешудің және тергеп-тексерулер жүргізудің қатаң регламенттелген тәртібі болатынын атап өткен жөн. Прокуратура органдарынан берілген материалдар бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды болдырмауға мүмкіндік беретін өздерінің заңды мүддесін қорғау құқығына қысым жасауға әкеп соғады", деп санайды бизнес-омбудсмен.

Кәсіпкерлерді сот арқылы қорғаудың конституциялық құқығына шектеу қою құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдарында әкімшілік не қылмыстық қудалауға еркін тарту үшін қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ол Бас Прокурор Б. Н. Асыловқа уәкілетті органдардың енгізілетін прокурорлық қадағалау және ден қою актілері негізінде әкімшілік актілерге сот тәртібімен шағымдану құқығын бере отырып, толыққанды тексеру жүргізу жолымен қалыптасқан тәжірибені қайта қарау туралы хатпен жүгінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: