Жаңалықтар тізбегі
0

Абзал Құспан Мәсімовке тағайындалған 18 жыл жазаға қатысты пікір білдірді

Абзал Құспан Мәсімовке тағайындалған 18 жыл жазаға қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 15:01 Сурет: gov.kz
Мәжіліс кулуарында журналистер депутат, заңгер, адвокат Абзал Құспаннан "Кәрім Мәсімовке тағайындалған 18 жыл жаза сіздіңше аз емес пе?" деп сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Менің ойымша қазір соттың үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарынан танысқанымызда прокуратураның сұрағаны 21 жыл деді. Мүмкін прокуратура тарапынан жазаны қатаңдату туралы наразылық беріледі деген үміттемін", - деп жауап берді Абзал Құспан.

"Кәрім Мәсімовке түрмеде ерекше жағдай жасалуы мүмкін, тіпті ерте босап шығуы мүмкін" деген пікірлер бар. Журналистер депутаттың бұған қатысты ойын сұрады.

"Кішкене кеңірек айтып өтейін. Қазір өзімнің жетекшілік етуіммен парламент депутаттарының қарауына ҚР Қылмыстық кодексі, Қылмыстық процестік кодексі және Қылмыстық атқару кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы келіп түсті. Бұл - өте үлкен ауқымды заң жобасы. Және бірінші рет бұл жағдайда прокуратура органдары емес, заңның авторы ретінде осы заңды Әділет министрлігі ұсынып отыр. Осы заңның аясында бұрын енді шын мәнінде кеңес үкіметінен қалған жағымсыз бір дәстүрлер болды. Өз басым осылардың барлығын жоямыз деп ойлаймын. Ал егер қазір осы жаңа заң қабылданып, қылмыстық істерді жаңаша форматта қарап, оның жаңаша форматта атқарылуын ұйымдастыратындай жағдайға қол жеткізбесек, ол болуы мүмкін шын мәнінде. Мен оны жоққа шығара алмаймын. Жоққа шығарсам, жалған айтқан болар едім. Ондай жағдайды адвокат ретінде өз көзіммен көргенмін. Бірақ болашақта болмайды деп өз басым толық үміттенемін", - деді депутат.

Депутат Абзал Құспан азаматтардың "Мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған адам ертең шартты түрде босап кетуі мүмкін бе?" деген алаңдаулы сұрағына да пікір білдірді.

"Ол кісінің айыбына шартты түрдегі жаза қарастырылмаған. Аса ауыр қылмыспен айыпталып отыр. Мен шартты түрде жаза ауыстырылады деп есептемеймін. Денсаулық жағдайы болса да, заңда, Қылмыстық процесте және Қылмыстық кодексте ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Ол жазасын өтейді. Егер жасымен есептесек, ол 70-тен асады екен. Орташа есеппен 75-ке ме барады екен. Сондықтан меніңше ол кісі соңғы өмірін түрдеме өткізіп қалуы ғажап емес", - деді Абзал Құспан.

Сонымен қатар заңгер Кәрім Мәсімовтың орынбасары болған Самат Әбішке қатысты іс қолғалмағанына да өз пікірін айтты. Оның сөзінше, тиісті тексерулер жүргізілуі керек. Оған қоса сол тексеру нәтижесі халыққа ашық түрде жариялануы керек.

"Бәріміз де білеміз, мен тергеуші не прокурор емеспін. Екіншіден, бұл қылмыстық істің құпия түрде жүрзігілгенін білесіздер. Біздің депутат болғанымызға бір ай да болған жоқ, бұған дейін талай мәлімдеме жасалды. Турасын айтқанда қылмыстық істің ашық қаралуын, ел-жұрттың, қоғамның көзі жетуі мақсатында құпия түрде өтпей, ашық болуын сұрап едім. Бірақ енді құпия өтті, сол себепті қазір біле бермейміз. Егер қазір мен Самат Әбіш кінәлі деп айтсам, онда ол кісі мені сотқа беруге толық құқығы бар. Сол себепті мен ондай мәміле жасай алмаймын. Бірақ тиісті тексеру жүргізілуі керек деп есептеймін. Сонымен қатар ол тексерулердің нәтижесін елге, халыққа хабарлау керек деп санаймын". Абзал Құспан

Еске сала кетейік, 24 сәуірде ҚР ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Сот оған 18 жыл жаза тағайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: