Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Сурет: Facebook/Ерлан Омарбеков
Шенді лауазымға алдында Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы болған Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысының активіне және Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов таныстырды.
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 6 сағат бұрын Ерлан Омарбеков жұмысының ауысуына байланысты Қостанай облысы ПД басшысы қызметінен босатылғанын желіде жазған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript