Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің парасаттылығы тексерілмек
Антикоррупциялық қызметтің мәлімдеуінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары жүйесіне парасаттылыққа тексеруді (Integrity check) енгізу тиімділігі жоғары және уақтылы шешім болып саналады.
"Бұл тексеру мемлекет пен халықтың мүдделеріне ықтимал залалдың алдын алуға мүмкіндік береді. Аталған институтты енгізу мемлекеттік аппараттың сапалы құрамдас бөлігін жақсартуға және азаматтардың сенімін арттыруға ықпал ететін болады", – делінген құжатта.
Заңда парасаттылыққа тексеру (Integrity check) жүргізудің мақсаттары, оны жүргізудің негізгі қағидаттары, әдістері, тестіленуші адамдардың да (кімге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр), сондай-ақ "тексерушінің" құқықтары мен міндеттері, тексеруге жататын лауазымды тұлғалардың тізбесі, тексеру нәтижелері үшін жауапкершілік шаралары көзделмек.
Тексеру жүргізілген мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттемелері заң жүзінде бекітілетін болады:
- қызметке кірер алдында аудио және бейне тіркеу құралдарын қолдану мүмкіндігімен, ақпараттандырылған келісім алудың міндетті рәсімі;
- өзіне жүргізілген тексеруге қатысты нәтижелері жарияланғаннан кейін, оның ақпарат алуы;
- тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі тәртіппен шағымдануы.
Жаңа құралды 2024-2025 жылдары қолданысқа енгізу жоспарланған.
Құжат 16 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.