Антикор "Түрмедегі Қайрат Сатыбалдыұлы қонақ үй сатып алды" деген сыбысқа қатысты түсінік берді
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Әлеуметтік желіде сотталып жатқанына қарамастан Қайрат Сатыбалдыұлы мен оған қатысты адамдар тобы "Double Tree by Hilton Almaty" қонақ үйін сатып алды деген ақпарат тараған. Бұл мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі белгілі бір деңгейде жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлығына белгілі, сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.
Бұл ретте оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.
Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады.
"Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі. Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған "Double Tree by Hilton Almaty" қонақ үйі де кіреді. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда", делінген Антикор хабарламасында.
Құзырлы ведомство азаматтарды жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript