Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде қаны сорғалаған маралдың видеосына қатысты полиция түсінік берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 18:29 Сурет: видеодан алынды
Желіде маралдың мүйізінен қан алу сәтінің видеосы тарады. Тірідей мүйізінен айырылған марал дір-дір етеді. Ал қос мүйізінің орнынан атқылаған қанға екі адам стаканын тосып мәз. Бұл жайт қоғамның талқысына түсіп, кейбірі жануарға обал жасағандарды жазалауды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері "Жанат" шаруа қожалығында маралдарды ұстауға және олардың өнімдерін одан әрі сатуға рұқсат беру құжаттарының бар-жоғына тексеру жүргізгендерін жеткізді. 

"Катонқарағай ауданы ветеринария бөлімі берген өндіріс объектісінің есептік нөмірін сәйкес, шаруа қожалығында жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат бары анықталды. Олардың әрекеттерінен қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрам табылмады". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство көктем айларында маралдарда мүйіздерін тастау процесі жүретінін нақтылайды. Бұл - табиғи процесс. Сондықтан мүйіздерді табиғи жолмен түсіп қалмай тұрғанда кесіп алады. Кесу процесінің өзі бірнеше секундқа созылады. Содан кейін кесілген жер антисептикпен өңделеді, қажетті егу жасалады және келесі жылға дейін табынға жіберіледі.

Маралдың қаны - барлық дерлік органдар мен жүйелердің қызметіне әсер ететін әртүрлі биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Өнімде ағзаның қалыпты жұмысына қажетті микроэлементтер – магний, темір, калий, натрий, мырыш бар. Құрамында пайдалы фосфолипидтер мен триглицеридтер, сондай – ақ аргинин және метионин аминқышқылдары бар.

"Марал мүйіздерінің құны – 3 мың доллар. Жаңа Зеландия, АҚШ және Қытайда миллиондаған марал өсірілетіндігіне қарамастан, емдік қасиеттері тек Алтай маралдарында ғана бар. Көптеген ғасырлар бойы, денсаулықты нығайту үшін осы жануардың қаны қолданылған", делінген хабарламада. 

Марал қанының пайдасы:

  • қандағы гемоглобин деңгейін жоғарылатады;
  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдейді;
  • артрит, артроз, остеохондрозды емдеуде қолданылады;
  • құрамындағы антиоксиданттардың жоғары болуына байланысты адам ағзасындағы қартаю процестерін баяулатады;
  • шаршауды азайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады;
  • қаңқа бұлшықеттерінің төзімділігін арттырады;
  • психикалық және физикалық шамадан тыс жұмыс, созылмалы шаршау синдромы, невротикалық бұзылулар үшін ұсынылады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: