Түркістан облысында жалдамалы жұмысшы құстың орнына абайсызда адам атып алды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Түркістан облысында жүзім бағындағы құстарды ату кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының полиция департаменті 8 шілдеде кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тигені анықталғанын хабарлады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі - "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келіп жеткені де нақтыланады.
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript