Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурорлар елдегі барлық балалар лагерін тексеруге кірісті

Бас прокуратура, балалар лагері, саунадағы лагерь, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 09:41 Сурет: gov.kz
Жазды және балалар құқығының ықтимал бұзылуын ескере отырып, бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органның 2023 жылғы 20 шілдеде таратқан мәліметі бойынша, прокурорлар балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайын тексеру жоспарланып отыр.

"Бұған қоса 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері тексеріліп жатыр". Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.

Ал Алматы қаласының прокуратурасы "саунамен бір үй-жайда балалар лагерін ұйымдастыру" кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2023 жылғы 16 шілде күні әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы "Арман Дала" лагерінен бейнежазба тарады. Ата-аналар лагерь сауна ғимаратында ұйымдастырылғанын әшкерелеп, дабыл қақты.

Алматы қаласының прокуратурасы көп ұзамай балалардың жазғы демалысын ұйымдастырған "БелРичи" ЖШС-сін ("Арман дала" лагерін) тексеруге кірісті.

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы) және "Сауна ғимаратында балалар лагерін" ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабы) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Парламент Мәжілісінің Respublica партиясынан сайланған депутаты Нұргүл Тау "Арман дала" балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінгенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: