ШҚО-да сотталған азамат Ұлы Абайдың портретін салды
ҚР ІІМ ҚАЖК №16 мекемесінде аса ауыр қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған азамат жазасын өтеп жатыр. Шығармашылықпен бала кезінен бастап айналысқан ол сурет салғанды жақсы көреді.
"Енді менің есімнен Абай Құнанбаевтың атақты өлеңіндегі сөздер кетер емес, өмірден белгілі бір тәжірибе алып, оны өз ой-өрісімнен өткізе отырып, бұл сөздердің қаншалықты даналықпен айтылғанын енді ғана түсінгендеймін. Әсіресе, жастарға мына сөздерге құлақ асуына кеңес берер едім:
"Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап…"
Ол Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында ғұламаның портретін салуды жөн көрген.
Портретті салуға 1,5 сағат уақыт пен қарапайым қарындаш қана керек болған.
Мекеме психологы Чинара Ибраева сурет салу, бейнелеу өнері сотталғандардың жеке тұлғасын, шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді әдістерінің бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар ҚР ІІМ ҚАЖК №18 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан тағы бір сотталушыда, ақын-ағартушы Абай Құнанбаев шығармашылығының жанкүйері екенін айтты.
Қазақ жазушысының шығармашылығының табынушысы оның 45 қара сөзін жатқа біледі екен.
"Қара сөздер – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысының шығармашылығының 45 шағын, нақыл және философиялық трактаттардан тұратын ірге тасы. Олар ұлттық тәрбие мен дүниетаным, имандылық пен құқық, қазақтың тарихы іспеттес мәселелерді көтереді", – дейді сотталған Мұрат (есімі өзгертілген).
Жазасын өтеуші ақынның бүгінгі күні де өзекті жойылмаған қара сөздің бірін оқып шықты.