Түркістан облысында үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты тың дерек жарияланды
"KIA K5" жүргізушісі артқы доңғалағының бірінің жарылуына байланысты рөлге бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан ол "ЗИЛ 4331" маркалы жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды OTYRAR.
"KIA K5" маркалы автокөліктің жүргізуші, сондай-ақ ондағы екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды. Медициналық куәландыру барысында "ЗИЛ 4331" жүк көлігі жүргізушісінің алкоголь ішімдігін тұтынбағаны анықталды.
Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Аталған факт "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта Сайрам аудандық полиция басқармасы жан-жақты тергеу жүргізуде және барлық жағдайлар анықталуда.