Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда активтерді иемдену көздерінің заңдылығын тексеру ережесі әзірленді

Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру және жүргізу ережелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 09:18 Сурет: gov.kz
Бас прокуратура Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру және жүргізу ережесін әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 12 шілдеде "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының pаңы және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қабылданды.

Әзірленген жоба тексерудің осы түрін жүргізу тәртібін реттейді.

"Тексеру тізілімге енгізілген тұлғаның активіне қатысты мұндай тұлғның активтерді ашу туралы декларацияны ұсыну бойынша өз құқығын іске асырғанына қарамастан жүргізіледі", – делінген құжатта.

Тексерудің мақсаты – активті иемдену көздерінің (пайда болу) заңдылығын зерттеу, заңсыз сатып алу, оның ішінде активті шығару фактісін растау немесе теріске шығару.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның прокуроры тексеруші болып есептеледі.

Баянатта:

  • баянат беріп жатқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) күні, және лауазымы;
  • баянат беру күніндегі жағдай бойынша қалыптастырылған субъектіге және оның үлестес тұлғаларына арналған досье материалдарының қысқаша мазмұны;
  • комиссия отырысы хаттамасының нөмірі мен күнін көрсете отырып, субъектіні және оның үлестес тұлғаларын тізілімге енгізу туралы мәліметтер;
  • адамның оны тізілімге енгізу туралы хабарламасы туралы мәліметтер;
  • баянат беру күніндегі жағдай бойынша активтерді ашу туралы декларацияны ұсыну немесе ұсынбау туралы мәліметтер;
  • иемдену заңдылығына қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отырған тізілімге енгізілген тұлғаның активі;
  • иемдену заңдылығы тексеру пәні болып табылатын активті сатып алудан басталатын, сондай-ақ пайдаланудан немесе өткізуден түскен кірістер иемдену заңдылығы тексеру пәні болып табылатын активті иемдену үшін пайдаланылған өзге де активтерді (бастапқы активтерге дейін) иемдену басталатын уақытша кезеңді қамтуы мүмкін тексеру кезеңі;
  • тексеріс жүргізу мерзімі қамтылады.

Тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылады, ол мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы прокуратура органдарының ведомствосында тіркеледі.

Тексеру жүргізу туралы қаулыда:

  • нөмірі, күні, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның атауы, қаулыға қол қойған басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы, тексеру негіздері;
  • тексеру тағайындалған актив туралы деректер, оның орналасқан жері, активтің меншік иелері, сенімгерлік басқарушылары, пайдаланушылары болып табылатын субъектілердің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
  • тексерілетін кезең көрсетілген тексеру нысанасы;
  • тексеру тапсырылған лауазымы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;
  • тексеру жүргізу мерзімі (заңда көзделген күндер саны);
  • иемдену көздерінің заңдылығына қатысты тексеру тағайындалған активтің меншік иесі, сенімгерлік басқарушысы, пайдаланушысы болып табылатын субъектінің құқықтары мен міндеттері;
  • қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылады.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган активті иемдену  көздерінің заңдылығын тексеруді жүзеге асырып жатқан кезде, иемдену  көздерінің заңдылығы тексеріліп жатқан активтің меншік иесі болып табылатын субъект және оның үлестес тұлғасы не оның уәкілетті өкілдеріне танысу үшін тексерілетін субъектіге тапсырылады не іс жүргізу жөніндегі активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.

Тексеруді тексеру жүргізу туралы қаулыда көрсетілген адамдар ғана жүргізеді.

Тексеруді жүргізудің шекті мерзімі, оны тоқтата тұру және ұзарту негіздері заңмен белгіленеді.

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 21 қыркүйекке дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: