Жаңалықтар тізбегі
0

Кісі қолынан қаза тапқан бес жасар қыздың әкесі педофильдің үйін сүріп тастауды талап етеді

Сарыағаш, педофиль, бес жасар қыз, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 23:29 Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сарыағаш ауданында қапыда 5 жасар қызынан айырылған отағасы Үкіметке үндеу тастады. Нұржан Ережепов сотталған педофильдің үйі маскүнемдер мен үйсіз-күйсіздердің ордасына айналғанын айтады. Ол қайғылы жағдай тағы қайталанып жүрмейді ме деп қауіптенеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Педофильдің үйі қазір маскүнемдердің ордасына айналған. Бірнеше күн бұрын көршілерім маған қоңырау шалып, онда жарық жанып тұрғанын жеткізді. Көршілерім ол үйге бас сұғып, арақтың шөлмегі мен стақандар жатқанын көріпті. Бірақ ешкім болмаған. Бұл үй қазірдің өзінде маскүнемдердің иектейтін жеріне айналған. Біз Үкіметтен бұл үйді толығымен сүріп, ал жер телімін өз балансына алуды сұраймыз. Халыққа пайда әкелетін орын болсын. Бұл үйді міндетті түрде қирату керек, маған оның үйін бұзамыз деп те уәде берген. Үй өте ескі, онда өмір сүру мүмкін емес. Алқаштардың жын-ойнағы десе де болады", деп otyrar.kz марқұм сарыағаштық қыздың әкесі Нұржан Ережеповтің сөзін келтіреді.

Айта кетсек, Жібек жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс бойынша сотталған күдіктіге қатысты күні кеше сот үкімі шықты. Ол өмір бойына сотталып, химиялық кастрация жасауға және 100 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: