ҰҚШҰ-ға мүше елдердің территорияларынан 2,5 тонна есірткі тәркіленді
Арнайы операция нәтижесінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында 900-ден астам есірткі қылмысы анықталды, 2,5 тонна есірткі тәркіленді, оның ішінде 19,5 келі героин, 856 келі апиын, 560 келі гашиш, 240 келі марихуана және 248 келі "синтетика" бар. 2800-ге жуық оқ-дәрі мен 48 қару табылып, тәркіленді. Бес есірткі зертханасы таратылды. 561 адам жауапкершілікке тартылды.
"Қазақстан аумағында операцияға Ұлттық ұланның тікұшақ техникасы, пилотсыз ұшу аппараттары және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік жұмылдырылды. Есірткіні тасымалдау жолдары мен арналарын жабу үшін бірлескен мобильді топтар құрылды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ құзырлы ведомство атап өткендей, Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы органдарымен 94 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 17-сі контрабанда бойынша. Заңсыз айналымнан 455 кг түрлі есірткі, оның ішінде 53 грамм героин, 173 кг марихуана, 2,2 кг гашиш, 18 кг синтетика тәркіленді. Үш есірткі зертханасы жойылды. 147 адам жауапкершілікке тартылды.