Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс қорғаныс өнеркәсібі мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Мәжіліс қорғаныс өнеркәсібі мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 13:01 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мәжіліс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл заң жөнінде депутат Айгүл Құспан баяндады.

"Қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын реттейтін заң 2019 жылғы 18 наурызда қабылданды, яғни, 4 жыл ғана өтті. Алайда осы жылдар ішінде заңның қолдану практикасы Мәжілістің түрлі іс-шараларында (дөңгелек үстелдерде, Комитеттің тақырыптық және көшпелі отырыстарында) айтылған бірқатар проблемаларды анықтады. Осыған байланысты, бүгін қаралып отырған заң жобасына бір топ депутат бастамашы болды". Депутат Айгүл Құспан

Әрі қарай депутат Заң жобасының негізгі тармақтарына тоқталды.

"Біріншіден, Уәкілетті органға, яғни Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту функциясын беру ұсынылады. Ең әуелі Бұл құжат жарамдылық мерзімі өткен оқ-дәрілерді кәдеге жаратумен айналысатын "Қазтехнология" қазақстандық мамандандырылған ұйымының қызметі үшін қажет". Айгүл Құспан

Екіншіден, заң жобасында қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді оңайлату және жеделдету мақсатында біздің күш құрылымдарымыздың Мемлекеттік сатып алу тәртібімен шамалы құнның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін сатып алу мүмкіндігі көзделеді. Ал орташа немесе күрделі жөндеу, қозғалтқыштар мен беріліс қораптар және т.б. сондай сияқты елеулі тораптар мен агрегаттарды керек ететін жөндеу мәселелерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде қалдыру қажет деп санаймыз, себебі аталған сұрақтар мұқият пысықтауды талап етеді.

"Коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі бәріміздің әлі де есімізде. Пандемия мемлекеттердің экономикасына да, бизнесіне де кері әсерін тигізді. Осы сияқты форс-мажорлық жағдайларға байланысты мемлекеттік қорғаныс тапсырысының мерзімі бұзылған еді. "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы туралы" заңның қолданыстағы нормалары шарттың орындалу мерзімін өзгертуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз форс-мажорлық жағдай немесе еңсерілмес күш туындаған жағдайда шарттардың орындалу мерзімдерін өзгерту мүмкіндігін қарастыруды ұсындық. Аталған түзету қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қолдауын тапты", - делінген Айгүл Құспан баяндамасында.

Сонымен қатар заң жобасымен "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органы ретінде Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының ұшуларына объективті бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретін белгілеу бөлігінде түзетулер енгізіліп отыр.


"Жалпы алғанда осы Заңның қабылдануы қорғаныс-өнеркәсіп кешені қызметінің тиімділігін және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ықпал етеді", - деп қосты депутат.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: