Ақша инвестициялауға шақыратын жарнамаға алаяқтар Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланған
Сурет: primeminister.kz
Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың суреті бар алаяқтардың жарнамасы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандық сайттардың бірінде жарияланған Үкімет басшысының сұқбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады.
Stopfake.kz мұның фейк екенін хабарлайды.
Сондай-ақ Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.
Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript